Әскери қызметшілердің балалары лагерьлерде демалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметшілердің балалары лагерьлерде демалып жатыр

19.08.2024

Шалғайдағы елдімекендерде қызметте жүрген әскерилердің балалары республикалық лагерьлерде демалып жатыр. Мыңдаған оқушы табиғаты көркем Түркістан, Бурабай, Балқаш, Қонаевтағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына орналастырылды. Лагерьде мектеп бағдарламасы екі тілде оқытылады. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылған. Негізгі оқу жоспары әскери істің негіздерін зерделеуге арналған практикалық сабақтарды қамтиды. Оқушылар үш апта бойы қару-жарақтардың түр-түрімен танысып, үйірмелерге қатысады.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу