Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды

21.08.2024

Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Тиісті бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді. Себебі биыл жарты жылдың өзінде 1,3 млн тонна бидай сырттан кірген. Бұл өткен жылдың бір жылдық көлеміне тең. Ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті. Қазір қамбада 5 млн тоннадан аса бидай бар. Оның үстіне биыл астықтың жақсы өнімділігі болжанып отыр. Сондықтан ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында ел аумағына көліктің барлық түрімен бидай әкелуге тыйым салынбақ. Тиісті бұйрық 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу