«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көрсетеді

21.08.2024

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 18 күн қалды. Дүбірлі дода Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 89 елден спортшылар қатысады. 97 медаль сарапқа салынады. Көшпенділер ойындарының ашылуы «Астана Арена» стадионында, жабылу рәсімі «Қазанат» ипподромында өтеді.

Жарыс кестесіне тоқталсақ. Бірінші күні жамбы атудың венгр стилі бойынша іріктеу кезеңі мен финалдық сайыстары болады.

9 қыркүйекте көкпардан іріктеу басталады. Аударыспақтан 60, 70, 80 келілердегі спортшылар мықтыны анықтайды. Дәл осы күні жамбы атудың корей стилі бойынша да жеңімпаздар белгілі болады. Бұдан бөлек дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, мас-рестлинг, кураш бойынша да жүлделер сарапқа салынады. Асық ату, тоғызқұмалақ, көк бөрі сынды спорт түрлерінен іріктеу жарыстары өтеді. Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу