Тасқыннан зардап шеккен Алтынсарин ауылында 21 үй салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккен Алтынсарин ауылында 21 үй салынды

23.08.2024

Биылғы тасқыннан зардап шеккен Қостанай облысының Алтынсарин ауылында 21 үй салынды. Өңірге жұмыс сапарымен барған Сенат депутаты Сергей Карплюк үйлердің сапасын көріп, тұрғындардың тұрмыс жағдайымен танысты. Жалпы өңірде тасқын кезінде 292 үй бүлінді. Оның ішінде 94 баспана тұруға жарамсыз болып қалды. Үйсіз-күйсіз қалған тұрғындарға Қостанай қаласынан 74 пәтер берілді. Ал қалғандарына жергілікті аумақтан жаңасы тұрғызылды.

Жәния Алшынбаева, ауыл тұрғыны:

Үйді бере ма, бермей ма деген қиналыста болдық. Соныменен аудан әкімі бар, облыс әкімі бар барлығы көмектесіп жоғарыдан өзіміздің Президентіміз келіп «ренжімеңдер, ойламаңдар ешқандай қиындық болмайды, бәрі жақсы болады. Қайтсе де сендерге баспана салып береміз», - деді. 40 күннің ішінде мынандай әдемі, тамаша үй салып берді. Үйлері өте жақсы. 


Хабарламаларға жазылу