Сарапшы: Елдегі жылу электр станцияларының 70%-ы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Елдегі жылу электр станцияларының 70%-ы тозған

24.08.2024

Елдегі жылу электр станциялардың 70 пайызы ескірген. Бұл алдағы уақытта электр энергиясы тапшылығына әсер ететіні сөзсіз. Ал АЭС салу бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді. Ұлттық ядролық орталық директоры Денис Завра осылай деді. Оның пайымынша мұндай ірі жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның қауқары жетеді. Өйткені АЭС-ке ең қажетті шикізат – уран. Одан бөлек білікті мамандар қатары, бүгінде біршама артқанын алға тартты.

Денис Зарва, ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК директорының орынбасары:

Қазір бізде өз атомдық энергетикамызды қалыптастыруға жақсы мүмкіндік туып тұр. Елде уран өндіру, оны өңдеу саласы дамып келеді. Қазір Қазақстанда екі бердей зерттеу реакторы бар. Тиісінше тәжірибелі мамандар да жетерлік. Егер АЭС салынатын болса мемлекетіміз энергетикалық тәуелділіктен арылады.


Хабарламаларға жазылу