Тбилисидегі шахмат жарысында Бибісара Асаубаева II орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тбилисидегі шахмат жарысында Бибісара Асаубаева II орын алды

26.08.2024

Грузияда әйелдер арасында өтіп жатқан шахматтан гран-при жарысының бірінші кезеңі мәресіне жетті.

Ой мен ақыл сарапқа салынатын жарыста жерлесіміз Бибісара Асаубаева екінші орын алды. Ол Сарасадат Хадемальшарьех, Александра Кастенюк сынды шахматшылармен бақ таласты. Ал польшалық Алина Кашлинская жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, жарыстың тағы бес кезеңі бар. Келесі кезең Шымкент қаласында өтеді.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу