Оқушы қыздың ісі: 8 күдікті қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы қыздың ісі: 8 күдікті қамауға алынды

26.08.2024

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық іс бойынша күдіктілер саны 9-ға жетті. Қазір соның сегізі сот шешімімен уақытша абақтыға, бір күдікті үй қамаққа алынды.

Құқық қорғау органдары қоғамда үлкен дау туғызған іс әлі тергеліп жатқанына байланысты, мән-жайды ашып айтпады. Белгілісі зәбір көрген қыз қаладағы 7-ші мектептің оқушысы болған. Бастапқыда сыныптастары, одан кейін өзгелер де қосылып, 6 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қазір қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу