Елімізде такси құны қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде такси құны қымбаттады

27.08.2024

Елімізде такси бағасы күрт қымбаттады. ТМД елдеріндегі қалалар арасында ең қымбат тариф қазір Алматыда. Мұнда такси құны бір жылда 36,9 пайызға өкен. Қала тұрғындары қазір әр шақырым үшін 328 теңге төлейді. Бұл Energyprom зерттеу орталығы келтірген деректер. Сонымен бірге, баға Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облысында да айтарлықтай көтерілген. Ал еліміз бойынша такси құны бір жылда 13,2 пайызға қымбаттаған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу