АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді

27.08.2024

АЭС құрылысы бизнестің дамуына үлес қосады. Әсіресе, тау-кен, металлургия, машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және басқа да көптеген энергияны қажет ететін салалардың дамуына жол ашады. Мұндай пікірді еліміздің бизнес өкілдері білдірді.

Арман Миниязов, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының орталық директоры:

Қазір Атом электр энергиясын ары қарай дамыту, соған байланысты негізгі ресурстардың бәрі бізде бар. Әрине, біріншіден ол кадрлар, негізгі  энергетикасына қажетті уранды өндіру біз қазір алдағы қатардамыз.

Вадим Титов, «Росатом» халықаралық желі» жекеменшік мекемесінің бас директоры:

Атом энергетикасы ол – энергия көзі. 365 күн, 24 сағат жұмыс істейді. Бұл экономиканың дамуы үшін өте маңызды. Атом электр станциялары әлемдегі ең қауіпсіз, әрі сенімді энергия көздеріне жатады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу