Африкада маймыл шешегі тез таралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африкада маймыл шешегі тез таралып жатыр

28.08.2024

Маймыл шешегі Африкада өршіп тұр. Вирусты аптасына 4 мыңға жуық адам жұқтырып жатыр. Жалпы, маймыл шешегін «Қара құрлықта» шамамен 23 мыңға адам жұқтырып, оның 622-сі жан тәсілім етті. Мұны Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары мамандары мәлімдеді. Қауіпті вируспен күреске АҚШ пен Еуропа Одағы 380 мың дана вакцина жеткізуге уәде беріп отыр. Бірақ бұл індеттің ошағы саналатын Конгода маймыл шешегін жоюға жеткіліксіз,- дейді мамандар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу