АҚШ-тың Иллинойс университеті Қазақстанда филиал ашу ісін қарастыруға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Иллинойс университеті Қазақстанда филиал ашу ісін қарастыруға дайын

29.08.2024

Әлемдік белді оқу орындарының бірі Урбана-Шапейндегі Иллинойс университеті Қазақстанда филиал ашу ісін қарастыруға дайын. Бұл жайлы осы жоғары оқу орнының ректоры Роберт Джонс Қазақстандық дипломаттармен кездесуінде айтты. Елшісі Ержан Ашықбаевпен университет басшысын білім саласы бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге шақырып Қазақстанда оқу орнының қосынын іске қосуды ұсынды. Роберт Джонс университет стратегиялық тұрғыдан бүкіл әлемде өз орнын алуға тырысып жатқанын айта келе, университеттермен серіктестік негізінде нақты байланыс орнап жатқанын жеткізді. Мәселен Иллинойс Чжэцзян институты ашылып, инженер мамандықтарын оқытып жатыр. Жалпы 24 Нобель сыйлығының иегері шыққан Урбана-Шапейндегі Иллинойс университеті әлемдек рейтингте алғашқы отыз екі оқу орнының қатарына кіреді. Әсіресе инженерлік-техникалық білім беру әлеуеті мықты.

Роберт Джонсон, «University of Illinois Urbana-Champaign» ректоры:

Біз әртүрлі серіктестік түрлерін зерттеп жатырмыз, тек осы екі дәрежелі бағдарлама ғана емес. Біз өзіміздің жаһандық қатысымызды кеңейту үшін басқа елдерде де бірнеше басқа келісімдерді қарастырудамыз. Біздің мақсатымыз – әлемнің маңызды стратегиялық аймақтарында өз позициямызды нығайту. Жоспарларымыздың бір бөлігі жаңа мүмкіндіктер мен стратегияларды зерттеуді қамтиды. Мен өзімді глобалист адам ретінде санаймын, бірақ бұл аймақты әлі көрмедім. Сондықтан, әрдайым біздің жаһандық командаға қосылуға шақырамыз.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу