Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккендерге 41 жаңа үй салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккендерге 41 жаңа үй салынды

30.08.2024

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында тасқыннан зардап шеккендерге 41 жаңа үй салынды. Соның 19-сы Көлқамыс ауылында. Жаңа үйлер құрылысы аяқталып, тұрғындарға табыс етілді. Ал Аманкелді ауданындағы алты елдімекенде 27 үй тұрғызылды. Жалпы аймақта тасқыннан су шайған 468 үй апатты деп танылды. Баспанасыз қалғандардың барлығы тұрғын үймен қамтылды.

Манат Кәрбозов, Көлқамыс ауылының тұрғыны:

Әрбір қиындықтың артында бір жақсылығы болады. Су ескі нәрсенің бәрін шайып, арты қуанышқа ұласып жатыр.


Алпыс Әлімбаев, Көлқамыс ауылының тұрғыны:

Үй салып беріп жатыр. Мал-мүліктің өтемін төлеп жатыр. Бізге сапалы жаңа 19 үй салды. Енді мектебіміз салынып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу