Паралимпиада – 2024: Қоржынға алғашқы жүлде түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада – 2024: Қоржынға алғашқы жүлде түсті

31.08.2024

Париж төріндегі паралимпиадада алғашқы жүлде қоржынға түсті. Пара нысана көздеуде тарихи медальға қол жеткізген Еркін Ғаббасов төртжылдықтың басты додасында күміс жүлдегер атанды. Францияға ақпарат таратуға барған әріптесім Азат Қадырбек қазір бізбен тікелей байланыста. Азат қайырлы кеш! Бүгінгі жарыс күнін қортындылап өтсең..

Азат Қадырбек, тілші:

Иә, Шерхан қазақстандық жанкүйерлер үшін бүгінгі жарыс күні жағымды жаңалықпен басталды. Шатуру аймағында бақ сынаған мергеніміз Еркін Ғаббасов R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуде алғашқы үштіктен көрінді. 247.7 ұпай жинаған жерлесіміздің алдын тек оңтүстік кореялық Парк орап кетті. Біз мергенімізбен сұхбаттасқан едік. режиссерлер сол сұхбатты назарымызға ұсынса...

Еркін Ғаббасов, Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

Бір жыл ғана ғой енді. Әлі талай алға ұмтыламыз. Дайындалмыз. Бізге тек дайындық керек. Международный дайындық керек. Бәріне рақмет. Қолдап жатқандарыңызға, қолпаштап жатқандарыңызға. Өз туған ауылыма рақмет. Қараөзек ауылына. Барлық туыстарыма. Мені жебеп жүрген министрлікке көптен көп рақмет.

Севда Алиева Р2 класында 10 метрден пневматикалық тапашадан нысана көздеуде өкінішке қарай финалға шыға алған жоқ. Жерлесіміз 12-ші нәтиже тіркеді. Ережеге сай үздік сегіздік қана шешуші сынға жолдама алады.

Ал, Стад де франстағы жеңіл атлетшілер бәсекесінде бүгін Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтыруда үздік бестікке енді. F13 классында жүлдеге таласқан бұрымдымыздың нәтижесі 34,23 метр.

Гүлбақыт Қайыржанова, Пара жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі:

Токио паралимпиадасының күміс жүлдегерлерімен ұпайларды сарапқа салған қазақстандық волейболшылар 2:3 есебімен есе жіберді. Алда топта екі ойын күтіп тұр. Сонымен қатар пара таэквондошылар да жұбаныш жекпе-жектерінде бақ сынайды. Өкінішке қарай екі отанадсымыз да ширек финалда есе жіберді. Ал финалдық жарысты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. 

Азат Қадырбек


Хабарламаларға жазылу