Президент Туризм және спорт министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Туризм және спорт министрін қабылдады

03.09.2024

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту және саланы ғылыммен ұштастыру бағытында бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Президент маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалар бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу