Париждегі пара жүзушілер 5-6 қыркүйекте тағы сайысқа түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі пара жүзушілер 5-6 қыркүйекте тағы сайысқа түседі

03.09.2024

Бүгін қос пара жүзушіміз финалдық кезеңге өте алмады. Сиязбек Дәлиев шалқалап жүзу әдісімен 50 метрді 40 та 14 секундта жүзіп өтті. Өкінішке қарай бұл нәтижемен ол жүлдеге таласатындар қатарына іліге алмады. Ал Нұрдәулет Жұмағали 200 метрге кешенді жүзу бойынша бақ сынаған еді. 2 минут 20 да 31 секунд нәтижесімен ол финалға өте алмады. Бірақ әлі де пара жүзуден жүлдеге таласуға мүмкіндік бар. Қазақстандық пара атлеттер қыркүйектің 5-і мен 6-сы күні тағы да сайысқа түседі. Сиязбек Дәлиев алда әлі баттерфляймен 50 метр қашықтықты бағындырады. Ал Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен жүзуден Токио Паралимпиадасының қола медаліне қол жеткізген болатын. Бұл сында ол Париж төрінде қыркүйектің 5-і күні бақ сынайды.

Нұрдәулет Жұмағали, пара жүзуден ұлттық құрама мүшесі:

Азанға енді қиындау болды, ауырлау болды. Негізгі 100 метр ғой менде. Мынау 200 метр дополнительныйда. Лицензия ұтып алғаннан кейін жүзіп, орынға таласуға тырысамыз ғой әлден.

Сиязбек Дәлиев, пара жүзуден ұлттық құрама мүшесі:

Основной жаңағы қашықтық 50 баттерфляй, ол енді 6-сы жүзетін боламын. Оған бар дайындық жасадық. Оған енді барлық күш-жігерімді салып дайындалдым.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу