Мамандар: АЭС – ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар: АЭС – ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология

03.09.2024

АЭС – ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология. Энергетик мамандар осылай дейді. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне жол ашады. АЭС-тің жылу, жел және су электр станцияларынан артықшылығы қандай?

Елімізге АЭС салу мәселесі бір жыл көлемінде қоғамда ашық талқыланды. Түрлі сарапшылар АЭС не үшін керек және мұның жылу, жел және су станцияларынан артықшылығы қандай деген сауалға жауап іздеді. Бүгінде Қазақстанда 37 – Жылу, 59 – Жел, 45 – күн, 39 – су және 3 – биогаз электр станциясы бар. Осы станциялардың барлығынан биыл елімізде 60 млрд кВт электр энергиясы өнідірілген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4%-ға көп. Алайда, электр энергиясының бағасы 32%-ға қымбаттаған. Себеп, жыл санап сұраныс артып, энергия тапшылығы сезіле бастады.

Әділбек Тәжібаев, инженер-зерттеуші:

Бізде экономикамыз тұрақты дамуы үшін қазір генерация саны өсуі керек. Бізде, қазір тапшылық сезіледі. Оның өсуі үшін жоспар бар, Қазақстанның 2035 жылға дейінгі генерациясын екі есеге ұлғайту. Сол бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жасалынып жатыр. Газ қондырғыларын соғу, ЖЭС-терді жаңарту. Соның бірі АЭС салу. Экономикада АЭС ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология.

Яғни, ғалымдар 10 жылда ел тұрғындарының 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін дейді. Өйткені біздегі бар станциялардан өндірілетін энергия көзі тұрақты емес. Газ тапшы. Көмір зиян. Экономиканы ілгерлету үшін Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет. Мамандардың айтуынша, оны тек Атом электр станциясы қамтамасыз ете алады. АЭС салынатын болса тапшылықтан құтылып, елге ірі инвесторларды тартуға мүмкіндік туады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу