Елімізде «Green Kazakhstan» деп аталатын қоғамдық қор құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Green Kazakhstan» деп аталатын қоғамдық қор құрылады

04.09.2024

Елімізде «Green Kazakhstan» деп аталатын тағы бір қоғамдық қор құрылады. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Қордың негізгі бағыты экологиялық саясатты іске асыра отырып, саладағы проблемаларды шешуге ұйытқы болу. Жоба аясында ESG платформасын құру көзделген. Қор өз жұмысын жақын арада бастайды.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

Экологиялық ахуалды, қоршаған ортаны дұрыстау үшін халықаралық әртүрлі фондтардан, елшіліктерден, бизнестен, бюджеттен, халықтың өзінен көп қаражат Қазақстанға келіп жатыр. Бірақ сол бөлінген қаражаттардың тиімділігі әлсіз. Сол себептен әлемдік тәжірибе қайырымдылық, экологиялық фонд құру. Осы бағытта біз қоғамдық қайырымдылық фондын құрдық.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу