Мажар жастары Астанада өтетін көшпенділер ойынына дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мажар жастары Астанада өтетін көшпенділер ойынына дайындалуда

05.09.2024

Мажар жастары Астанада өтетін көшпенділер ойынына соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. 8 қатысушы «Асық ату», «Тоғызқұмалақтан» дүбірлі додада бақ сынап, жүзден жүйрік шығудан үмітті. Студент жастардан құралған мажарстандық командада кәсіби спортшы жоқ, бәрі әуесқой спортшылар. Мажарларға қазақтың ұлттық ойындарын үйреткен жерлесіміз Жанаргүл Бақтыгерейқызы. Отбасылық жағдайына байланысты Будапештте тұратын қандасымыз жақында «Мажар-қазақ» мәдени ұйымын ашып, шетелдіктерге қазақтың мәдениеті мен дәстүрін кеңінен насихаттап жүр.

Жанар Бақтыгерейқызы, «Мажар-Қазақ» мәдени ұйымының төрағасы:

Біздің мақсатымыз – ата-бабамыздан қалған құндылықтарымызды шетелде жүрсек те ұмытпайық, одан әрі дәріптейік деген ниетпен осы ойындарды үйретіп жатырмын. Көшпенділер ойынынан келгеннен кейін осы жерде асық, тоғызқұмалақтан Федерация ашып, одан әрі жоғары дәрежеде дамытсақ деген ойымыз бар.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу