Аргентинада зейнеткерлер полицейлермен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада зейнеткерлер полицейлермен қақтығысты

05.09.2024

Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте наразылық акциясына шыққан зейнеткерлер полициямен қақтығысты. Тәртіп сақшылары Ұлттық конгресс ғимараты жанына жиналған қариялардың жолын бөгеген. Ал шеруге шыққандар полицияны итеріп, қалқандарын ұрғылады. Зейнеткерлер президент Хавьер Милейдің зейнетақы реформасына вето жариялауына наразы. Зейнетақы мөлшерін өсіруді көздеген құжатты бұған дейін заң шығарушылар мақұлдаған еді. Алайда қатаң үнемдеу шарасын енгізген президент бюджетке кері әсер етеді деп реформаны қабылдамай тастады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу