ЕО энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа реакторлар салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа реакторлар салып жатыр

05.09.2024

Еуропа одағы пайдаланатын энергияның төрттен бірі – ядролық отын. Соның жартысынан астамы Францияда өндіріледі екен. Жалпы алғанда, одақтың 27 елінде қазір 150-ден астам реактор жұмыс істеп тұр. Бұл нысандар негізінен осы интеграциялық блоктың 12 елінде орналасқан.

Еуропа одағы бүгінде өзге елдердің отынына тәуелділікті азайтып, өзінің энергетикалық қауіпсіздігін мейлінше қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Сол мақсатпен қазір одақтың 9 елінде жаңа реакторлардың құрылысы жоспарланып қойған. Сол мемлекеттер қатарында Франция, Финляндия, Словакия, Польша, Венгрия, Румыния, Болгария, Чех Республикасы, Швеция бар.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу