АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб түркістан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб түркістан облысына барды

09.09.2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесіп, атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

Мемлекет болашағына қатысты кез- келген маңызды шешім халықтың қатысуымен, қоғамның пікірін ескере отырып қабылданады. Бұл Президентіміздің бұлжымас ұстанымы. Бұл қоғамда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанының көрінісі. Күнделікті өмірде, тіршілікте осының бәрін байқай бермейтін шығармыз. Бірақ біз әр қадамымызды анық басып, жоспарларымызды кезең-кезеңімен іске асырып келе жатырмыз. Түпкі мақсат осы реформаларды әр азамат, әр отбасы сезінуге керек.


Хабарламаларға жазылу