Еуропалық сарапшылар жолдауды талқылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық сарапшылар жолдауды талқылауда

09.09.2024

Еуропа саясаткерлері де, Президенттің Жолдауын талқылап, жоғары бағаларын беруде. «Атом электр станциясын салу- елдің көміртектен арылып, жасыл экономикаға көшуіне септігін тигізеді. Себебі, ол табиғатқа залалсыз, таза отын өндіреді».

Брюссельдегі дипломатиялық академияның сарапшысы Жан де Брабандер осылай дейді. Сондай-ақ, сарапшы үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдап, шетелден тікелей инвестиция тартуға басымдық беруі-өз жемісін береді деген сенімде.

Жан Де Брабандер, Брюссельдегі дипломатиялық академияның сарапшысы, кәсіпкер:

Қазақстан экономикасының басым бөлігі тау-кен, жанар жағар май, газ сынды кен өндіруші өнеркәсіпке негізделген. Дегенмен, болашақта халықтың сатып алу мүмкіншілігін арттыру үшін экономиканы әртараптандыру қажет. Қазақстандық шағын және орта кәсіпорындар Еуропаға шығып, өздерін кеңінен таныстыратын болса, қазақ экономикасы үшін тиімді болар еді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу