Лего бөлшектерімен киізүй құрастыратын күн жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лего бөлшектерімен киізүй құрастыратын күн жақын

10.09.2024

Идея авторы – қазақтың ұлттық ойындарын жаңа дизайнмен насихаттап жүрген Айнұр Полатова есімді отандасымыз. Бейнероликтен көріп отырғаныңыз – конструктордың сұлбасы. Енді жаңа ойыншық түріне дауыс беру кезеңі басталады. Яғни идея өндірістік жобаға айналу үшін 10 мыңнан астам дауыс жинау қажет. «V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында жүзеге асып жатқан бастама көшпенділерді біріктеретін күшке айналады деп сенеміз», - дейді жоба авторы. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу