Еліміздің транзиттік әлеуетін жаңғырту жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің транзиттік әлеуетін жаңғырту жалғасады

10.09.2024

Елдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Қаржы министрі айтты. Мәди Такиев Жетісу және Алматы облыстарына барып, «Нұр Жолы» және «Қалжат» кеден бекеттерін көріп қайтты. Транзиттік нысандарды жаңғырту үшін ескі инфрақұрылым сүріліп, жаңа пункттер тұрғызылады. Сондай-ақ саланы цифрландыру қолға алынбақ. Нәтижесінде Көліктерді қабылдау 6 есеге өседі деген болжам бар.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу