Этноспорт конфедерациясының басшысы: Еріктілер ерекше дайындалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этноспорт конфедерациясының басшысы: Еріктілер ерекше дайындалған

10.09.2024

Көшпенділер ойындарына әсіресе, жастар мен еріктілер ерекше дайындалған. Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған халықаралық шараға осылай деп баға берді. Сонымен қатар доданың ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Шетелдік мейман қазақстандық жастармен кездесуде этноспорттың маңызы мен рөліне айрықша тоқталды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы елдер қатары жыл санап артып жатқанына қуанышын да білдірді. Ал "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек көшпенділер ойындары – бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін атап өтті. 

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу