Түркістан облысында «Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында «Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы басталды

10.09.2024

Түркістан облысының «Орда» таулы оқу-жаттығу полигонында Қазақстан, Әзербайжан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан әскери қызметшілерінің оқу-жаттығуы басталды. Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қару-жарақ мамандары мен мергендері тактикалық-атыс, парашюттен секіру сияқты талаптар бойынша шеберліктерін шыңдады. Жаттығуға брондалған техника, авиация тобы, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар және үш жүзге жуық әскери қызметші жұмылды. 


Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу