АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты құрал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты құрал

11.09.2024

Атом энергетикасы әлем елдері үшін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты құралға айналды. Қазір әлемде 440 реактор бар. Олар қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығармайды, осылайша климаттық дағдарысты еңсеруге де елеулі үлес қосады. Бұдан бөлек жаңа жұмыс орындарын құрып, ғылыми-техникалық сектор мен инновациялардың дамуына да серпін береді дейді сарапшылар. Мұндай мүмкіндікті молынан пайдаланып отырған елдердің үздік үштігінде АҚШ, Қытай және Франция мемлекеттері бар.

Стефан Обарбье, Аssystem компаниясы бас директорының орынбасары:

Әлем бойынша жалпы өндірілген энергияның 10%-ін АЭС шығарады. Қазір көп ел ауаға көмірқышқыл газын шығаруды барынша азайтуға тырысып жатыр. Сондықтан жаңғыртылатын қуат көздерімен бірге атом энергетикасының да үлесі артады. Алдағы уақытта бұл сала Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, Солтүстік Америка және әрине, Орталық Азияда дамиды. Өйткені бұл – өндірісі дамып, энергияға сұраныс өсіп жатқан өңір.


Хабарламаларға жазылу