Жаңа салық кодексі әлі де пысықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа салық кодексі әлі де пысықталады

11.09.2024

Салық жүйесін жетілдіру үшін аналитикалық жұмыстарды күшейту маңызды. Экономика мен заң саласының мамандары Президент ұсынған реформаларда заң үстемдігін нығайту, экономикалық өсуді қолдау мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында жаңа салық кодексі халыққа қарапайым, бизнеске қолайлы болу керек деп тапсырған. Сондықтан сарапшылар құжат әзірлеуде асықпай, әбден пысықтау керек дейді. Сонда сапалы салық жүйесі орнайды деп сендірді.

Жақсыбек Құлекеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасының кеңесшісі:

Президент өзінің Жолдауында осы салық кодексін биыл қабылдауға асықпай, ақылға салып, дайындауды тапсырды. Меніңше бұл өте дұрыс шешім. Өйткені қазір дайындалып жатқан салық кодексінің редакциясының кей тұстары әлі де пысықтауды қажет етеді. Соның негізгі кемшілік тұстарын туралайтын тұстарын анықтау керек.


Хабарламаларға жазылу