Түркі елдеріне ортақ әліпби қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі елдеріне ортақ әліпби қабылданды

12.09.2024

Түркі елдеріне ортақ әліпби қабылданды. Мұндай шешім Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған арнайы комиссияның 3-ші отырысында мақұлданған. Ол 34 әріптен тұрады. 1991 жылы қабылданған нұсқаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Десе де түркі әлеміне ортақ жаңа әліпбидің нұсқасы әзірге жарияланған жоқ.

«Бұл әліпби түркі халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтады. Ортақ әліпбидің дамуы түркі халықтарының тіл мұрасын сақтай отырып, оны дамытады», - делінген комиссияның хабарламасында. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу