Халықаралық фестивальде үздік танылған «Талақ» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық фестивальде үздік танылған «Талақ» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады

12.09.2024

Әлемдік додада оза шапқан қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі бүгіннен бастап ел кинотеатрларында көрсетіле бастайды

Халықаралық Шанхай фестивалінде үздік деп танылып, «Алтын кубок» иеленген кинотуынды заңғар жазушы Бейімбет Майлиннің әңгімелері желісімен түсірілген. XX ғасырдың 20-30 жылдарын суреттейтін туындыға ұжымдастырудың салдары, сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әйелдің ауыр тағдыры арқау болған. Кинодағы басты рөлдерді белгілі актер Ерболат Әлқожа және жас актриса Амира Омарова сомдады. Туынды әлемнің ең озық 14 фильмінен озып шығып, талғампаз көрермендерді ерекше таң қалдырған болатын.

Данияр Саламат, «Талақ» фильмінің режиссері:

Көп фильмдерде 20-жылдарды сондай сынды, сондай сияқты қылып жасайды. Мен соны барынша костюмімен де, өмір сүру салтымен де, жиһаздарымен де сол кезеңнің демін бергім келді. Кинорежиссер дегеніміз сыздаған жараның аузында жүру керек. Мен сол кездегі сыздаған жараның аузында болуға тырыстым.


Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу