Халықаралық олимпиадада топ жарған оқушыға 5,5 млн теңге сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық олимпиадада топ жарған оқушыға 5,5 млн теңге сыйақы беріледі

12.09.2024

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін 5 жарым миллион теңгеден сыйақы алады. Отандастарымыз 2023-2024 оқу жылдарында 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль иеленген. Олар математика, физика, биология, химия сынды пәндік олимпиадаларда топ жарған. Осылайша алтын медаль иегеріне 5,5 млн, күміс жүлде үшін 3 млн 700 мың, қола еншілеген оқушыға 1 млн 800 мың теңге беріледі. Жеңімпаздарды жарысқа дайындаған педагогтер де арнайы ақшалай сыйақы алады. Сонымен бірге жүлдегерлер Қазақстанның кез-келген ЖОО-да тегін білім ала алады, білім гранты беріледі.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу