Дүниежүзілік көшпенділер ойынының бүгінгі кестесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойынының бүгінгі кестесі

13.09.2024

Бүгін - Дүниежүзілік көшпенділер ойынының соңғы жарыс күні. Спорттық бәсекеде қатысушылар 5 спорт түрінен сынға түседі. Олар бәйге, құсбегілік, теңге ілу, ордо және мангала. Ойындар таңғы 9:00-дан түскі 13:30-ға дейін жалғасады. Жарыстардың көпшілік бөлігі «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз сарайы, «Этноауыл» мен «Думан» қонақүйі және спорт кешенінде өтеді. Толық ақпаратты көшпенділер ойынының ресми сайтынан білуге болады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу