Атырауда АЭС-тің артықшылықтары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда АЭС-тің артықшылықтары талқыланды

13.09.2024

Энергия қуаты тапшы кезде ешкімге тәуелді болмау аса маңызды. «Бейбіт атом үшін» акциясы аясында өткен жиында атыраулық жастар осындай пікір білдірді. Басқосуда атом энергетикасының маңызы мен артықшылықтары талқыланып, атом электр станциясының экономикаға тигізер пайдасы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ экология және қауіпсіздік мәселесі де көтерілді.

Әлбина Әділова, Атырау студенттер альянсының төрағасы:

6-қазан республикалық референдумда біздің болашағымыз үшін нақты әрі сапалы шешім қабылданады деп сенеміз. Біздің елімізге қажетті нәрсе ол – энергия көзі. Атом электр станциясы – энергия көзін өндіретін ең жоғары мүмкіндік.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу