Алматы облысында «Ассамблея жастарының» халықаралық слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» халықаралық слеті өтті

13.09.2024

Алматы облысында белсенді жастарды біріктірген Халықаралық слет өтті. Оған еліміздің 16 өңірі мен Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Үш күнге созылған шарада қатысушылар әлеуметтік жобаларды түрлендіріп, креативтілікті қалыптастыру жайын қозғады. Әрі саяси мәдениетті арттырып, тұлғалық дамуға бағытталған тренингтерге қатысты.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Жастарды біріктіру, жобаларды, ұйымдастыратын шараларды белгілеу. Әрмен қарай ілгерілету. «Ассамблея жастары» - Қазақстандағы ең белсенді ұйымдардың бірі. Көптеген жобалар, су тасқыны болғандағы көмектер, «Мектепке жол», «Таза Қазақстан» сияқты акцияларға қатысып, қазір 9 мыңға жуық жастарды біріктіреді.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу