Бала құқықтары жөніндегі уәкіл: Мектептерге жеке инспекторларды қайтару маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл: Мектептерге жеке инспекторларды қайтару маңызды

13.09.2024

Мектептерге кәмелет жасына толмағандардың ісімен айналысатын жеке инспекторды қайтару маңызды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда бұрын әр мектепте инспектор болғанын және бұл оң нәтиже бергенін, ішкі тергеу жүргізу, уақытында әрекет ету үшін инспекторлардың қазір де керек екені айтылған. Сонымен қатар, уәкіл мектеп санының көптігін, ал тәртіпке жауапты инспектор қызметкерлері санының аздығы - балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер ететінін де атап өтті.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу