Паралимпиада жеңімпаздарына мемлекеттік наградалар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада жеңімпаздарына мемлекеттік наградалар табысталды

16.09.2024

Паралимпиада жеңімпаздарына мемлекеттік наградалар табысталды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов еліміздің байрағын көкке желбіреткен спортшыларымызды мемлекет басшысы атынан жеңісімен құттықтап, наградалар табыстады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Мемлекет басшысы атап өткендей, паралимпиада спортшыларының жеңістері – қашан да мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі. Париж паралимиадасы ұлт спортының тарихында алтын әріптермен жазылып қалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен І дәрежелі «Барыс» орденімен Алтын медаль иегері Давид Дегтярев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Ақмарал Науатбек наградталды. Күміс медальға қол жеткізген спортшыларымыз «Парасат» орденінің кавалерлері атанды. «Құрмет» орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері марапатталды. Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені, 7 адамға «Құрмет» ордені берілді. Сонымен қатар екі жаттықтырушыға Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы табысталды. Естеріңізге сала кетейік, Париж паралимиадасында Қазақстан құрамасы 9 медальді қанжығалады. 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды.

Ақмарал Науатбек, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері:

Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі орденмен марапатталдым. 2021 жылдан бастап пара дзюдоға келдім. Тыңғылықты дайындалдық. Кішкентай кезімнен армандаған арманыма қол жеткіздім. Өте қуаныштымын.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу