ІІМ: Түркістан облысындағы ауыр қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ: Түркістан облысындағы ауыр қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр

16.09.2024

Түркістан облысында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жауап берді. Әлеуметтік желіде бұрынғы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 16 жастағы оқушы қыз бен оның анасын аса қатігездікпен өлтірді деген ақпарат тарады. Оқиға Сарыағаш қаласы Келес ауданы Амангелді ауылында болған. Қара жамылған отбасы әлеуметтік желі арқылы тергеудің әділетті жүргізілуін талап етіп отыр.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Бұл мәселе біздің назарымыздан тыс қалған емес. Біріншіден, бүгінде осыған ұқсас дәйектерді анықтау үшін біз барлық мұғалімдерді тексеріп жатырмыз. Екіншіден, нақты бұл іске қатысты күдікті жауапкершіліктен құтылмайды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу