Премьер-Министр халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасарымен кездесті

16.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Тараптар қаржы-экономикалық саладағы мәселелерді талқылады. Қазақстан 1992 жылдан бері Халықаралық валюта қорының мүшесі. Аталған қормен ұзақ мерзімді серіктестік еліміздің экономикалық тұрақтылығын және ұлттық экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұл саланы одан әрі дамыту үшін реформалар жүргізу, Қазақстанның салық-бюджет саясаты мен қаржы нарығын дамыту мәселелері басты назарда. Оны жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыстар атқарыла бермек. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу