Түркістан қаласында 800-ге жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласында 800-ге жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

16.09.2024

Түркістан қаласында 800-ге жуық адам «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Шаһар тұрғындары мен эко-белсенділер, қала жастары орталық көшелер мен Қызылорда тас жолы бойындағы қураған шөптерді шауып, күл-қоқыстан тазартты. Ал, коммуналдық мекеме қызметкерлері арнайы техникалармен қоқыстарды жинап, көліктерге тиеді. Сонымен қатар, жаңа қала аумағындағы көпқабатты тұрғын-үйлер мен коммерциялық нысандардың да маңы тазартылды. Осылайша, бір күнде қала аумағынан 125 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Мақпал Үртпеков, Түркістан қаласының тұрғыны:

Қаламыздың көркейіп, өркендеуіне, жаңарып жасаруына біз осындай сенбіліктер арқылы өз үлесімізді қосып келе жатырмыз. Әрине барлық қала тұрғындары өз ауласын, өз айналасын, өз территориясын таза ұстаса, «Таза Қазақстан» деп аты айтып тұрғандай, біздің қаламыз таза болады. 


Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу