Қостанай облысында тасқыннан баспанасыз қалған азаматтардың бәрі үй алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасқыннан баспанасыз қалған азаматтардың бәрі үй алды

17.09.2024

Қостанай облысының Арқалық қаласында 50 пәтерлік бес қабатты жаңа тұрғынүй пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі нысан үш жарым айда салынып бітті.

Мұнда су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған Жангелдин, Амангелді, ауданы мен Арқалық қаласының тұрғындары қоныстанды. Барлық пәтерлер үш бөлмелі, бірінші кезекте қажетті тұрмыстық бұйымдармен жабдықталған. Осымен Қостанай облысында табиғи апаттан зардап шеккендерді баспанамен қамту жұмысы толық аяқталды. Бұл үшін аймақта 315 пәтер сатылып алынып, 153 тұрғынүй жаңадан салынды және 815 үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

Жұмахан Тұрмағамбетов, Арқалық қаласының тұрғыны:

Мен Аманкелді ауданы, Ақкісі ауылында тұрғам. 27 наурызда су тасқынында қалдық. Комиссия келіп қарап, 4-ші деңгейге жатқызды. Уәде беріп кеткен. Енді міне жаңа үйге кеп тұрмыз. Қуаныштымыз. Рахмет Үкіметке, басшыларға.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу