Worldskills-2024: Қазақстандық студенттер халықаралық чемпионатта жүлделі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Worldskills-2024: Қазақстандық студенттер халықаралық чемпионатта жүлделі болды

17.09.2024

WorldSkills-2024. Қазақстандық студенттер халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі болды. Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама 7 медальон жеңіп алды. Францияның Лион қаласында өткен 47-WorldSkills додасының жеңімпаздарын Астана әуежайында сән-салтанатпен қарсы. Самал Қабышеваның бейнематериалы.

WorldSkills-2024 халықаралық додасында жүлделі болғандардың бірі Алматы қаласындағы «Әділет» колледжінің студенті - Жанель Сағындық. Ол «Қонақ үй қызметі» бойынша сынға түскен. Тапсырмалар оңай болмағанын айтады.

Жанель Сағындық – «Worldskills-2024» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының жүлдегері:

Өз мамандығым бойынша түрлі ситуациялар болады. Мысалы кейбір ашулы қонақтар келеді. Айқайлап жатады. Актерлар болады. Сен өзіңді профессионал маман ретінде көрсете алуын керексің. Мен осы отель- ресепшионист мамандығы бойынша Қазақстанға бірінші медальон алып келген адам екенмін.

Әйгерім Досова — «Worldskills-2024» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының жүлдегері:

Бізге жеребьевка арқылы түскен бірнеше элементтер арқылы бұйым құрастырып тігуіміз керек болды. Сол тіккен бұйымым Азия мемлекеттерінің үздік эксперттерінің көңілдерінен шығып, жоғары баллдар алдым.

Осылайша қазақстандық колледж студенттерінің бірі қонақ үй қызметі, бірі тігін, енді бірі мобильді робототехника бойынша түрлі саладан сынға түсіп «Ұлт үздігі» номинациясын жеңіп алды. Францияның Лион қаласында өткен WorldSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500 жуық колледж студенті қатысқан.

Ақзира Қасымова – ҚР Оқу-Ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары:

2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Ел Президенті. Осыған орай барлық жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, осы WorldSkills стандарттарын енгізуге, еліміздің экономикасына жақсы мамандар даярлауға WorldSkills қозғалысының рөлі үлкен. Біздің балаларымыз 7 медальон алды.

7 медальонді жеңу арқылы қазақстандық студенттер 69 елдің ішінде 29 орынға тұрақтаған. Яғни, 40 елдің студентінен үздік нәтиже көрсетті. Ал, былтыр біздің студенттер бұл додада 2 медаль және 4 медальон жеңіп алған болатын.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу