32 мыңнан астам алматылық табыс декларациясын тапсырмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

32 мыңнан астам алматылық табыс декларациясын тапсырмаған

17.09.2024

Алматылық жеке тұлғалардың 91% жалпыға бірдей декларацияны мерзімінде тапсырған. Бұл туралы шаһардың Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Қала бойынша табысы туралы есебін 340 мыңға жуық адам өткізуге міндетті. Десе де, олардың 32 мыңнан астамы декларацияны тапсырмаған. Енді есепті өткізбеген тұлғалар туралы мәліметтер тексеріледі. Егер заң бұзушылық анықталса, алдымен ескерту, оны елемегендерге 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер азаматтар ақпаратты толық көрсетпесе, 11 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңінде жеке кәсіпкерлер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары табыс есебін өткізуі тиіс болатын.

Айжан Бекеева, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Жеке тұлғалар бойынша түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Егер бұзушылықты анықтаған кезде 10 күннен кешіктірілмей хабарлама жіберіледі. Жеке тұлғаға 30 жұмыс күндей беріледі, егер де келіспеушілік болып жатса, түсініктемесін жазып жіберу керек. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу