1200-ге жуық астаналық Қазақстан әскерінің қатарын толықтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1200-ге жуық астаналық Қазақстан әскерінің қатарын толықтырады

18.09.2024

1200-ге жуық астаналық Қазақстан әскерінің қатарын толықтырады. Алғашқы лек Шекара қызметіне аттанды. Астанадағы азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 30 әскерге шақырылушы Шығыстағы Зайсан шекара басқармасында мерзімді әскери борышын өтейді. Жас сарбаздар шекарашылар қызметіне арналған көрмемен танысып, олардың күнделікті өмірі туралы бейнероликтерді тамашалады.

Ғани Артықов, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің өкілі:

Міне бүгін 2024 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанының кезекті командасын әскери қызметке жібергелі отырмыз. Бүгінгі іс шарамызда оқушыларымызға алдағы олардың шекара қызметінде атқаратын өздерінің міндеттері қандай болады, қару-жарақтары, киім үлгілері, сонымен бірге осы әскери өмірдің кеңінен таныту жұмыстарын жүргізгелі отырмыз.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу