Ливанда пейджерлер жарылып, 2800 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливанда пейджерлер жарылып, 2800 адам жараланды

18.09.2024

Ливанда «Хезболла» тобының байланыс құралы ретінде қолданылатын пейджерлер бір мезетте жарылып, 2800 адам жараланды. 9 адам қаза тапқан. Олардың біреуі - 8 жастағы қыз бала, қалғандары - қарулы топ мүшелері. Хезболла жарылған пейджерлер топтың бөлімшелері мен институттарының қызметкерлеріне тиесілі екенін және 8 жауынгерінің мерт болғанын растады. Бұған қоса, бұл оқиға қауіпсіздік күштерінің ең ірі сәтсіздігі екенін де мойындады. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, пейджерлерге 10-20 грамм аралығында күшті жарылғыш зат салынған болуы мүмкін. "Хезболла" жарылысқа Израильді айыптап отыр. Ал бұл ел әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу