Будапешт жойқын тасқынға дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Будапешт жойқын тасқынға дайындалып жатыр

18.09.2024

Венгрияның солтүстігіндегі Дунай өзенінің жағасында тұтас ауыл суға кетті. Қазір мұнда тұрғындар қайықпен қатынап жүр. Ал осы елді мекеннен 100 шақырым жерде мемлекет астанасы Будапешт орналасқан. Онда алапат тасқынға қарсы бөгеттер орнатылып жатыр. Айта кетсек, Орталық Еуропаның Румыниядан Польшаға дейінгі елдері соңғы 20 жылдағы ең ауыр су апатын бастан кешіп жатыр. 21 адам қаза тапты. Көпірлер мен үйлер құлап, жолдар бұзылып, экономикаға миллиардтаған еуро шығын келді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу