АЭС энергетикалық тәуелділіктен құтқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС энергетикалық тәуелділіктен құтқарады

19.09.2024

Елімізде атом электр станциясы салынған жағдайда оның жұмысына жасанды интеллектіні пайдалану аса маңызды. Бүгін Шымкентте «Атом электр станциясын салудағы шетелдік тәжірибе» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ғалымдар осындай ортақ пікір білдірді. Қарқынды технологиядан ақылды технологияға көшу жұмыс жүктемесін азайтады және апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ энергетиканы дамыту арқылы елімізде ең алдымен экономика әртарапты дамиды дейді жиналғандар.

Нұрлан Файз, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті:

Алдағы уақытта инновациялық технологияларды қолдай отырып, осы кешенді дамытатын болсақ, энерготәуелділіктен арыламыз біріншіден. Екіншіден шикізаттық баланстың қорын төмендетеміз. Мемлекетіміз ел ретінде атом стансасын салуды айқындайтын болса, бұл мәселені қолға алған жөн деп есептейміз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу