Көрісу күні Астанада да аталып өтті. Бүгін батыстың бір топ жастары қала тұрғындарының басын қосып, бір-бірімен көрісіп, мерекемен құттықтады. Жайық өңірінің жұртшылығы жиналған шарада әуезді ән айтылып, күмбірлеген күй де шертілді.
Адамдар бірін-бірі қыстан аман шығуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Игі дәстүрді Астанада насихаттап жүрген жастар алдағы жылдары да осындай кештерді өткізе бермекші.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көрісу күні - бас қалада&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19954/)