Әскери қызметте тәртіп күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметте тәртіп күшейтіліп жатыр

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

Әскери қызметте тәртіп күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бүгін арнайы брифингте айтты. Оның сөзінше, бүгінде сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Әрбір әскери бөлімде ата-аналар чаты құрылған. Құқық бұзылған жағдайда жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен «Сенім телефондары» жұмыс істейді.

Бұдан бөлек еліміздегі барлық казармада 12 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Оны бақылап отыратын арнайы операторлар бар.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу