Пәтерлерді алаяқтық жолмен заңсыз иеленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәтерлерді алаяқтық жолмен заңсыз иеленген

20.09.2024

Алматыда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Айыпталушы саны 22 адам. Олар психологиялық сауықтыру орталығының бірнеше бөлімінің бұрынғы меңгерушілері, құқық қорғау органдарының экс-қызметкерлері, нотариустар, жылжымайтын мүлік агенттерінің өкілдері. Оларға психикалық ауруы бар жалғызбасты адамдарды тауып, мүліктерін иемденді деген айып тағылып отыр. Ұйымдасқан қылмыстық топ, заңсыз иеленген баспананы сатып, ақшаны өзара бөлісіп отырған. Қылмыстық іс 2022 жылдың қараша айында қозғалған. Тергеу 37 эпизодтан тұрады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу