Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болашақ тіл мамандары белгілі жазушы Төлен Әбдікпен кездесті. Шара студенттердің сұрауы бойынша ұйымдастырылған. Онда қоғам қайраткері жазушылық өнердің қыр-сырымен бөлісіп, жеке шығармаларының тарихын түсіндірді.
Сондай-ақ, отандық және шетелдік ақын-жазушылардың шеберлігіне баға беріп, өмірлік тәжірибелерінен сыр шертті. Білім алушылар өнер иесінің тұшымды әңгімесін тыңдап, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
Назым ҚАЙРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Болашақ тіл мамандары жазушы Төлен Әбдікпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19962/)